Now Reading
ШҚО-да үйден шығып кеткен аутизмі бар бала түні бойы іздестірілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ШҚО-да үйден шығып кеткен аутизмі бар бала түні бойы іздестірілді

ШҚО-да үйден шығып кеткен аутизмі бар бала түні бойы іздестірілді

Өскеменде жоғалған бала түні бойы іздестірілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өзінің Telegram-каналында хабарлады.

 

Полицияның хабарлауынша, 2010 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары қазіргі уақытта белсенді түрде жалғасуда.

 

«Қазір сол жерде жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде, оған немқұрайлы емес азаматтар қажетті ақпаратты алу және іздестіру шараларына қатысу үшін жүгіне алады», — делінген хабарламада.

 

Бала аутизммен ауырады және сөйлемейді.

 

Еске сала кетейік, бала 14 тамызда жоғалған болатын. «Өтініш берушілердің айтуынша, 2010 жылы туған Тамирлан Ахметжанов түнгі сағат екілер шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл белгіні алған полицейлер дереу іздеу жұмыстарын бастады», — деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ департамент іздеу жұмыстарына құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық жасақ, гвардияшылар мен еріктілер тартылғанын хабарлады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...