2022 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар (бұдан әрі – АӘК) қатарындағы отбасылардың 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы азық-түлік топтамасын ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПОРТАЛЫНДА электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркелу басталатындығын хабарлаймыз.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың шілде және тамыз айында АӘК тағайындалған отбасыларға тамыз айына Әлеуметтік қызмет көрсету порталында тіркелгендігін мәлімдейміз.
КӘП-ке тапсырыс беру үшін онлайн режимде aleumet.egov.kz сайтынан немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14 үй, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгіне аласыздар.
Тапсырыс беру үшін ЭЦҚ кілт болу міндетті.
Толық ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына аудандар бойынша келесі телефон нөмерлері арқылы хабарласуға болады:
Алматы — 55-01-74, 87021580853,
Сарыарқа — 55-14-87, 87029610968,
Есіл – 55-74-50, 87024339336,
Байқоңыр – 55-72-32, 87477770160.
Аудандар бойынша Call-center нөмерлері:
Алматы — 87056450638,
Сарыарқа — 87056450653,
Есіл — 87056450671,
Байқоңыр — 87056450692.
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының Call-center нөмері: 8-7172-27-23-23.
Источник: upravlenie_zanyatosti