Қазақстандықтарға жаңа сервис қолжетімді болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа сервисті іске қосты: енді 45 Мемлекеттік қызмет бойынша құжаттарды SMS-хабарлама арқылы алуға болады.
SMS арқылы бала туу және бала күтімі бойынша төлемдерді, асыраушысынан айырылу, балабақшаға кезекке тұру, еңбек мигранттарына рұқсат алу немесе ұзарту, тіпті спорттық атақтар беру бойынша жәрдемақыларды тағайындау туралы құжаттарды алуға болады.
«Бұрын клиент ХҚКО – ға екі рет келіп-өтінім беріп, нәтижесін алып кететін. Енді ХҚКО-ға екінші рет барудың қажеті жоқ: сіз жай ғана дайын құжатқа сілтемесі бар SMS аласыз және қажет болған жағдайда оны басып шығара аласыз. Бұл уақытты үнемдейді», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының орынбасары Қанат Дыбыспаев.
Жаңа енгізілім әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек рұқсаттама құжаттары, мектепке дейінгі ұйымдар мен азаматтық хал актілері желілері бойынша Мемлекеттік қызметтерді қозғайды.