Now Reading
Елордада бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттарға өтінімдерді қабылдау басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттарға өтінімдерді қабылдау басталады

Елордада бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттарға өтінімдерді қабылдау басталады

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында елордада жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз гранттар бөлінуде. Елордада 19 қыркүйекте грантқа құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Төртінші лек бойынша 340 өтінішті қабылдау жоспарлануда, оның ішінде 224-і жастарға және 116-сы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының қалған санаттарына. Өтініштер Business.enbek.kz порталы арқылы онлайн режимінде кезең-кезеңімен қабылданады.

Биылғы жылы гранттар халықтың мақсатты топтарына ғана беріледі:

— 29 жасқа дейінгі жастар;

— атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

— көп балалы отбасы мүшелері — көп балалы отбасыларға жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);

— асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

— қоныс аударушылар, кандастар;

— еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар жандар;

— асыраушысынан айырылған адамдар — асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушы;

— мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) және (немесе) оның жұбайын (зайыбын) тәрбиелеп отырған адамдар.

Биылғы жылы өтініштер 4 ағым бойынша кезең-кезеңімен қабылданады. I ағын (1-14 сәуір 2022 ж.), II ағын (8-19 тамыз 2022 ж.), III ағын (29 тамыз – 9 қыркүйек 2022 ж.), IV ағын (19 қыркүйек – 30 қыркүйек 2022 ж.).

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: Бейбітшілік көшесі, 9. тел.: 24-94-72, 8-700-956-98-10.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...