Now Reading
Жәрдемақының бес түрі бойынша төлемдерді қазақстандықтар проактивті форматта алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жәрдемақының бес түрі бойынша төлемдерді қазақстандықтар проактивті форматта алады

Жәрдемақының бес түрі бойынша төлемдерді қазақстандықтар проактивті форматта алады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Премьер-Министрге ел азаматтарына жеңілдіктер мен басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдететін жаңа цифрлық шешімдерді енгізу туралы баяндады.

 

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде жәрдемақының бес түрі бойынша төлемдер жүргізілуде: туу және бала күтімі, мүгедектігі бар баланы күту, жұмыссыздық және мүгедектік бойынша. Жыл соңына дейін тағы бес қызмет түрін қосу жоспарлануда: асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы, көп балалы аналарға жәрдемақы, АӘК, «Күміс алқа» немесе «Алтын алқа» белгілерімен марапатталғандарға жәрдемақы, сондай-ақ зейнетақы төлемдері.

 

Премьер-Министр атқарылып жатқан жұмыстарды қолдап, деректерді тиімді талдау және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бірыңғай платформа негізінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың ақпараттық жүйелерін біріктіруді жандандыруды тапсырды.

 

Бұдан басқа, денсаулық сақтау министрлігінің, оның департаменттік бағынысты және медициналық ұйымдарының барлық ақпараттық жүйелерін біріктіруге тиіс eHealth электрондық денсаулық сақтау архитектурасын дамыту мәселелері талқыланды. Бұл азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын толыққанды қалыптастыруға ықпал етеді және әрбір нақты адамның қажеттілігіне бағдарланған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды, сондай-ақ пациенттердің денсаулық жағдайын тұтастай үздіксіз бақылауға көшуді қамтамасыз етеді.

 

Отырыста 5G/IMT бесінші буын ұялы байланыс стандартын енгізу мәселесі де қаралды. Жақын арада тиісті радиожиіліктерді тарату бойынша ашық аукцион өткізіледі. Министрліктің мәліметінше, бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оған 100-ге жуық компания қатыса алады.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×