Қазақстанда аутизммен ауыратын 8,5 мыңнан астам бала тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
«Бүгінде республикада ерекше білім беруді қажет ететін 175 082-ден астам бала тіркелген, оның ішінде 8 796-сы аутизммен ауыратындар (ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жалпы санынан 5%). Айта кету керек, соңғы бес жылда аутизм спектрінің бұзылуы диагнозымен есепте тұрған балалардың саны екі есеге жуық өскен. 2018 жылы 4707 аутизммен ауыратын бала анықталды, 2019 жылы — 5193, 2020 жылы — 6771, 2021 жылы — 8796, 2022 жылы — 9 мыңнан астам бала», — деп жазды Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында.
Сондай-ақ ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды, оның ішінде аутизммен ауыратын балаларды сүйемелдеу үшін мамандарды даярлау мақсатында «Арнайы педагогика» бағыты бойынша 18 жоғары оқу орнында (Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазЖенПУ, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Ш.М.Қозыбаев атындағы СҚУ, І.Жансүгіров атындағы ЖУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарУ, М.Әуезов атындағы ОҚУ, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Болашақ» университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, ОҚМПУ , А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, , «Bolashaq» академиясы, Ә.Марғұлан атындағы ППУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Мирас» университеті).
2021-2022 оқу жылынан бастап 5447 адам оқиды, оның ішінде бакалавриатта 5004 адам (мемлекеттік тапсырыс бойынша – 1583), магистратурада – 402 адам (мемлекеттік тапсырыс бойынша – 287), докторантурада мемлекеттік тапсырыс бойынша – 41 адам. 2022 жылы бұл мамандық бойынша 2562 адам оқуын аяқтады. Университеттерде арнайы педагогика (36 бакалавриат, 20 магистратура, 2 докторантура), соның ішінде логопедиялық, сурдопедагогикалық және дефектология бойынша 58 бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылуда.
«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы, интеграцияланған және инклюзивті білім беру педагогтары, балаларды дамыту орталықтары, балалар үйлері, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік қолдау орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар және т.б. арнайы педагогикалық бағдарламалар әзірленуде.», — деп қосты министр.