Now Reading
3 желтоқсан — Халықаралық мүгедектігі бар жандар күні!
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 3 желтоқсан — Халықаралық мүгедектігі бар жандар күні!

3 желтоқсан — Халықаралық мүгедектігі бар жандар күні!

Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 1992 жылы жариялаған, жыл сайын 3 желтоқсанда атап өтіледі.

 

2015 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 

Бұл күн мүгедектігі бар жандардың жағдайына назар аударуға және мүгедектігі бар жандар қоғамның барлық салаларына тең қол жеткізуін құру және қамтамасыз ету туралы еске салуға мүмкіндік беретін күнтізбедегі ерекше күн.

 

Сондай-ақ, бұл күннің мақсаты – мүгедектігі бар жандардың құқықтары мен орасан зор әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасауды қиындататын мәселелер мен кедергілерді анықтау және жою.

 

Жылдан жылға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жаңа бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқанына, елімізде инклюзивті дамуда жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанына қуаныштымын, бірақ көріп отырғанымыздай, шешілмеген мәселелер бар. Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың толыққанды өмір сүруіне және қоғамда тең болуына кедергі келтіретін көптеген әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәселелер бар.

 

Мұндай күннің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесіне әр елдің, әр қаланың және барша тұрғындардың назарын аудару.

 

Сіз өз қалаңыздағы (аудан, көше, тұрғын үй кешені) мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірі туралы жиі ойланасыз ба?

 

Әрбір мүмкіндігі шектеулі адамның таңертең оянып, мектепке немесе жұмысқа баруға құқығы бар, жолда басқалар сияқты мүгедектігі бар жанның да қоғамдық көлік пен такси қызметіне қол жетімді болуы тиіс, барлық оқу, жұмыс, тамақтану және демалыс орындарында, кешкі уақытта әрбір мүгедектігі бар адам өз үйіне кедергісіз және қиындықсыз оралуға құқығы бар. Осы күні біз назарымызды осындай мәселелердің бәріне аударуымыз керек!

 

Дамыған мемлекет дегеніміз – адамдар тең болса, мүмкіндігі шектеулі азаматтар бейбіт өмір сүріп, дамып, үйлерінен шыққанда кедергілерге тап болмайтынына сенімді болуы!

 

Біз әрқашан жадымызда және кез келген жерде көмек пен қолдауды қажет ететін адамдар бар екенін білуіміз керек! Басқаларға мейірімділік пен қолдау көрсетуге асығыңыз!

 

Құрметті достар, бүгін Халықаралық мүгедектігі бар жандар күні

Инва.Кз ұжымы сіздерге зор денсаулық, сарқылмас өмірлік қуат ,оптимизм, өз күшіңізге деген сенімді тілейді, сіздің барлық армандарыңыз орындалсын!!

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×