ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады.
Биылғы жылдың 11 айында қазақстандықтарға 2,7 триллион теңгеден астам зейнетақы төленген. 2022 жылғы қарашада зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 245,9 млрд теңге бөлінді, оның 74,9 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 171 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді.
«2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 млн 276 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 108 960 теңгені құрады.
Айта кету керек, қарашада зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 108 993 теңгені құрады.
Еске салайық, бұған дейін БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақының шекті мөлшері белгілі болған еді.