Now Reading
2022 жылы портал арқылы мүгедектігі бар адамдар 370 мыңнан астам қызмет алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2022 жылы портал арқылы мүгедектігі бар адамдар 370 мыңнан астам қызмет алды

2022 жылы портал арқылы мүгедектігі бар адамдар 370 мыңнан астам қызмет алды

2022 жылы 336,9 мыңға жуық мүгедектігі бар жандар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарын, 7,3 мың ымдау қызметін, 27,3 мың жеке көмекші қызметтерін алды. Сондай-ақ портал арқылы кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерге 133 000 тапсырыс берілген.

 

Портал мүгедектігі бар жандарға техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген техникалық оңалту құралдарын жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады. болады.

 

Мүгедектігі бар жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ арбаларымен қамтамасыз етуді қамтиды.

 

Порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 827 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімше), 288 техникалық оңалту жабдықтарын жеткізуші, 25 мыңнан астам жеке көмекші қызметтерді жеткізушілер, 651 ымдау тілі, 93 санаторий-курорттық емдеу және 69 кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді жеткізушілер тіркелген.

 

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұлттық жоспардың шеңберінде қарастырылған.

 

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан алуға болады, оған бірыңғай нөмір арқылы хабарласуға болады: 1414, тілді таңдап, 5 санын басу арқылы.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...