Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға сіңісіп кетуі үшін нені және қалай оқыту керек.
Алматы облысында 67,6 мыңға жуық, ал Іле ауданында 4,9 мыңға жуық мүгедектігі бар жандар тұрады.Олар үшін білім алу және кәсіп алу әлеуметтенудің, экономикалық ұтқырлықтың тиімді көмекшісіне айналуы және әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге ықпал етеді. Бірақ, өкінішке орай, олардың көпшілігі жұмыссыз, жалғыз табысы – мемлекеттің зейнетақысы.
Олар аудандағы жағдайды, оның ішінде кәсіпкерліктің қолдауымен түзеуге тырысуда. Ерекше білім алушыларға кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі – «Прогресс» политехникалық колледжі. Филипп Моррис Қазақстанның қаржылық қолдауымен ол бірнеше жылдан бері «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу және кәсіптік оқыту» жобасымен айналысады.
2010 жылдан бері ерекше қажеттіліктері бар адамдармен тығыз байланыста жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан колледж тігінші, аспаз, кондитер, наубайшы сынды мамандықтар бойынша білім алады. Нарық сұранысының өзгеруіне сәйкес, жақында ұйымдастырушылар «көкөністер мен жемістерді кептіру бойынша маман» бағыты бойынша оқытуды қосты.
Жасына шектеу қойылмаған колледж студенттері алты ай бойы үздіксіз білім алып, мүмкіндіктеріне қарай белгілі бір кәсіптің иесі атанады, арнайы диплом алады. Мәселен, өткен 2020-2021 оқу жылында «Прогресс» отыз студентті оқытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектесті.
«Оқытуды ұйымдастыру үшін оқу кабинеттерін қажетті құралдармен жабдықтап, шығын материалдары мен құралдарды сатып алып, қосымша жабдықтарды жүзеге асырдық.
Оқу барысында студенттер кәсіби білім мен дағдыларды алып қана қоймай, семинар-тренингтердің жұмысына қатысып, өнімдері арнайы ұйымдастырылған сауда көрмелеріне қойылды», — дейді Прогресс колледжінің маманы, сурдопедагог Шырайлы Маралбекова.
Жобаның маңызды құрамдас бөлігі – ол оқытуды ғана емес, сонымен бірге жұмысқа орналастыруды да қамтиды. Бұл үшін колледж облыстық жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз байланыста. Сондай-ақ, оқу орнының қабырғасында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бос орындар жәрмеңкесі талай түлектердің жұмысқа орналасуына септігін тигізді.
Бірақ мәселелер де бар — ерекше қажеттіліктері бар жұмысшылар әрдайым әріптестерінің қарқынына ілесе бермейді, бұл кейінірек жалақыға әсер етуі мүмкін. Жоба қатысушыларының пікірінше, бұл мәселелер одан әрі пысықтауды қажет етеді.
«Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың көпшілігі қоғамға бейімделу үшін біраз уақыт алады. Мәселен, тігінші мамандығын игерген түлектеріміз бір цехқа жұмысқа орналасты. Бірақ әр мекеме белгілі бір жұмыс көлемін орындауды жоспарлайды. Кейбір түлектердің жұмыс үрдісіне ілеспей қалуы, соның ішінде еңбекақы төлеуде қиындықтар туғызатын жағдайлар бар. Ерекше қажеттіліктері бар мамандарды жұмысқа орналастыруда мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін сәттер болады деп ойлаймын», – дейді инклюзивті білім беру маманы.
Арнайы жобаға қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттырудың тағы бір нұсқасы — өз кәсібін ашу. Ол үшін «Прогресс» оқу жоспарында кәсіпкерлік дағдылар негіздеріне оқыту енгізілген.
Колледжде тігінші мамандығы бойынша білім алған Андрей Ли, Қараой ауылында тігін шеберханасын ашты. Енді ол өзі табыс тауып қана қоймай, басқаларға да, соның ішінде өздеріне ыңғайлы уақытта үйде жұмыс істейтін балалары бар әйелдерге жұмыс орындарын ашады.
«Маған Қасен досым тігін машиналарын берді, бірақ кәсіби білімім жетіспейтіндіктен, «Прогресс» бағдарламасына қатыстым. Сондай-ақ, пішу мен тігуді, жеке кәсіпкерді тіркеуді және бизнесті жүргізуді үйрендім. Цех жұмысының бір жарым жылында біз әртүрлі тапсырыстар қабылдадық — төсек-орын, медициналық форма, жұмыс формасы, балалар заттары, жастықтар және т.б. тіктік», — дейді кәсіпкер.
Андрей Лидің өзі өз шеберханасын әлеуметтік желілерде жарнамалайды, тұтынушыларды іздейді. Қазір кейбір мәселелер бар, өйткені қазіргі бағаның өсуіне байланысты жалпы экономикалық жағдай әсер етіп, оның компаниясы туралы ақпарат ірі тұтынушыларға жетпейді.
Салыстырмалы түрде үлкен фирмаларда жиі сыналған орындаушылар бар және олар жаңаларын іздемейді. Бірақ Андрей Леонидович үлкен көлеммен жұмыс істеуге дайын және тапсырыстар әлі де болады деп үміттенеді. Мәселен, қазір оның цехы «Бент Фирма» ЖШС-нің ірі зауытының тапсырысын орындауда.
«Прогресс» колледжі мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмысты дамытуды жоспарлап отыр. Қазір олар жаңа жоба дайындап жатыр, бірақ толықтай әлі ашылған жоқ. Жоба әлеуметтенуге және ерекше қазақстандықтарды кәсіби және қоғамдық өмірге, бизнес пен коммуникацияларға барынша кеңінен тартуға бағытталатыны белгілі.