Жапондық Ashirase компаниясы көру қабілеті нашар адамдарға арналған «серуендеу навигациясы» жүйесін ойлап тапты.
Құрылғы аяқ киімге киіледі және қай бағытта қозғалу керектігін көрсететін смартфон қолданбасы арқылы қолданушының аяғына діріл жібереді.
«Аши» жапон тілінен аударғанда «аяқ» дегенді білдіреді, ал «ширасэ» хабарландыру, ескерту дегенді білдіреді.
Құрылғының бір бөлігі аяқ киімнің ішінде орналасқан, ал екіншісі үстіңгі бөлікке бекітілген және навигациялық қосымшаны іске қосу механизмдері мен батареядан тұрады, делінген компания сайтында.
Құрылғы GPS ақпаратын пайдаланады — пайдаланушы серуендеу кезінде діріл сигналдары қашан және қайда бұрылу немесе тоқтау керек екендігін көрсетеді.
«Біз көру қабілеті нашар адамдар «өз бетінше еркін жүріп» және әлемді өзінше аша алады деп үміттенеміз», — делінген компания хабарламасында.
Компания бұл құрылғының зағип жандарға емес, нашар көретін адамдарға арналғанын баса айтады. Құрылғының сатылымы келесі жылы басталады деп күтілуде.