Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы алғаш рет 16,5 мың қазақстандық жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш бере алды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдерді алушылардың жалпы саны 46,4 мың адамды құрайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45%-ға дейінгі мөлшерінде жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін сізге:
eGov.kz порталына кіру;
«Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру» бөлімінде «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін таңдау;
барлық жолдарды толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ қол қою арқылы өтінімді жіберу;
бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
жұмыс табылмаған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыздың мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда халықты әлеуметтік қорғау орталығының қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушіге хабарласады).
Бұл қызметті электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да онлайн алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ақпарат болған жағдайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдерді тағайындау қызметін көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS хабарлама жібереді. Келіссеңіз, SMS хабарламаға жауап беруіңіз керек. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Электрондық еңбек биржасы» арқылы жұмыспен қамту орталықтарына қашықтықтан қызмет көрсету функционалдығын іске қосты.
Бұл жұмыссыздарды тіркеу және жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді алу, оның ішінде жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электронды цифрлық қолтаңба арқылы жасауға болады.