Now Reading
Еліміздегі ең ірі аутизм орталығы Астанада жұмысын бастайды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Еліміздегі ең ірі аутизм орталығы Астанада жұмысын бастайды

Еліміздегі ең ірі аутизм орталығы Астанада жұмысын бастайды

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні қарсаңында Астанада Болат Өтемұратов атындағы қор әкімдіктің қолдауымен аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған жаңа орталық ашты. Бұл орталық елордадағы екінші және Қазақстандағы «Асыл Мирас» желісіндегі он екінші орталық.

Астанадағы алғашқы «Асыл Мирас» орталығын Болат Өтемұратов атындағы қор 2015 жылы ашқан болатын. Осы уақыт ішінде мұнда 2000-нан астам балалар тегін түзету көмегін алды.

«Балам алғаш рет 3 жасында Асыл Мирасқа сөйлеу дағдыларын дамыту бағдарламасына келді. 3 айдың барлығы екеуміз үшін қарқынды оқу кезеңіне айналды — ұлым жаңа дағдыларды жаттықтырды, мен оны түсінуді үйрендім. Әр сабақ сайын, ата-аналар үшін қосымша семинарлар өткізілді. Бүкіл отбасының өмірі жеңілдеді. Қазір Рамиль 7 жаста, ол жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында оқиды», — деп бөлісті Наталья Мельникова.

Астанада білім басқармасының мәліметінше, 2500 балада аутизм спектрінің бұзылуы диагнозы қойылған. «Асыл Мирас» орталығының қызметіне 300-ден астам бала кезекте тұр, күту мерзімі бір жылға жуықтады. Қоғамдық сауалға жауап берген Болат Өтемұратов атындағы қор елордада екінші аутизм орталығын ашу туралы шешім қабылдады.

«Біз үшін ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау өте маңызды. Мен ата-аналардың мұндай орталықтардың ашылуын қалай күтіп отырғанын білемін. Тағы бір «Асыл Мирас» орталығы бұдан да көп балаға диагностика мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Балаларды медициналық көмекпен көбірек қамту үшін біз оңалту орталықтарының желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл бірқатар мектептер мен балабақшаларда инклюзивті қолдау кабинеттерін ашуды жоспарлап отырмыз, сонымен қатар жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандарды ашуды жоспарлап отырмыз», — деді әкім Жеңіс Қасымбек.

Жаңа орталықта жылына 900-ге жуық бала қамтылып, балалармен жұмыс істеуге 36 маман тартылады. Сабақтар 6 интервенциялық бағдарлама бойынша «Аутизм. Барлығына ортақ әлем» бағдарламасының стандарттары бойынша өткізіледі. Қазірдің өзінде 10 кабинет жиһаздармен, инвентарлармен және оқу құралдарымен толық жабдықталған. Басқа орталықтардың тәжірибесін ескере отырып, ең танымал бағдарламаларға арналған бөлмелер саны ұлғайтылды — «Ерте қолдау» және «Педагогикалық шеберлікті дамыту» бағдарламалары бойынша балалармен сабақ өткізу үшін әрқайсысы 3 бөлмеден дайындалды.

Болат Өтемұратов атындағы Қор 2015 жылдан бері «Аутизм.Баршаға ортақ әлем» бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы уақыт ішінде «Асыл Мирас» интервенциялық бағдарламаларын бүкіл Қазақстан бойынша 14 мыңнан астам бала аяқтады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×