Облыс орталығының қарқынды дамып келе жатқан «Сарыарқа» шағын ауданында 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы салынады.
Ақмола облысының құрылыс басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда нысан аумағы құрылыс жұмыстарына дайын.
«2022 жылы «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалды, учаскенің аумағын қоршау, өсімдіктерді кесу және сынақ үйінділерін қағу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың наурыз айының соңында қадалар бойынша қорытынды алынды, жақын арада құрылыс материалдарын жеткізу жоспарлануда».
Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Рауан Оспанов
Аумағы 12 000 шаршы метрден асатын жаңа үш қабатты ғимарат барлық заманауи талаптарға сай болады деп хабарланды. Медициналық мекеме халықтың түрлі топтары үшін кең ауқымды қызмет көрсететін болады.
Орталық оңалту кезеңіне тәулік бойы тұруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдайды. Жаңа заманауи орталықтарда жылына 1500-1800 адам денсаулығын жақсартады деп болжануда. Мұндай оңалту орталықтарын салу облыстардың, оның ішінде шалғай елді мекендердің тұрғындарының сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуына жағдай жасайды.
Мыңдаған мүгедектігі бар жандардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік туады. Сарыарқа шағын ауданының тұрғындары өз ауданында бірегей кешеннің пайда болуына дән риза.
«Ауданымыз өте қарқынды дамып келеді: үйлер, мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер салынып жатыр. Біз үшін орталыққа жету алыс еді, бұл орталықтың Сарыарқада болатыны өте дұрыс, және біздің тұрғындар сол жерде тиісті қызметтерді ала алады». Руслан Әбжанов
Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай еліміздің 12 облысында, соның ішінде Ақмола облысында әрқайсысы 150 орынға есептелген жаңа ірі оңалту орталықтарын салу жоспарлануда.