Жетім балаларға арналған баспананы ақтөбелік еріктілер сатып алды.
Қасиетті Рамазан айында жарияланған қайырымдылық акциясы аясында еріктілер қамқор қазақстандықтардың ақшасына үш бөлмелі пәтер алуға көмектесті. Қысқа мерзімде 20 миллион теңге жинадық. Қаржының басым бөлігін кәсіпкерлер берді. Пәтерді жөндеуге, жиһаз және техника сатып алуға депутаттар көмектесті. Айтпақшы, еріктілердің арқасында төрт жылда 10 мұқтаж отбасы өз шаңырағына ие болды.
Нұрбек Жалғасбаев, ерікті:
– Халық есепшотқа 100-200-500 теңге аударып, үйден өз қолымен тігілген ыдыс-аяқ, кілем, көрпе әкелді. Қалалық мәслихат депутаттары пәтерге жиһаз және тоңазытқыш сатып алды.
Бүгін біз мерекелік дастархан ұйымдастырдық. Қазақстандықтарға алғысымыз шексіз және Рамазан айында жасалған игі істер өзімізге мың есе қайтарылады деп сенеміз.