«ITeachMe» қоғамдық қорының (құзыреттілікті дамыту орталығы) директоры Захира Бегалиева еңбек нарығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмысына тоқталды.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда 711,8 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 420 мың адам еңбекке жарамды жаста (58%). Бұл жұмыс күшіне айналуы мүмкін адамдардың үлкен пулы. Бірақ, нақты өмірде мүгедектігі бар адам әлі де кәсіби еңбек нарығында бәсекеге қабілетті емес», — деді Захира Бегалиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, ITeachMe қоры бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді және жастардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың кейін жұмысқа орналасу арқылы кәсіби дағдылары мен білімін арттыру бағдарламаларын жүзеге асыруда.
«Жобаларды іске асыру барысында біз жастардың жұмыспен қамтылуының төмендігіне әсер ететін бірқатар факторларға тап болдық. Мұның бір себебі – университеттерде алған білім тәжірибеде әрқашан қолданыла бермейді және әлеуетті жұмыс берушіге қажет. Оқуды аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасу үшін және түлек болу үшін бүгінде дипломның болуы жеткіліксіз, қосымша дағдылар мен заманауи өзгерістерге дайын болу керек. Ал бүгінде бүкіл әлемде жаңа технологиялар мен цифрлық дағдылар маңызды», — деп атап өтті спикер.
Екінші фактор – біздің қоғамда аға ұрпақтан қалған, мамандық біржола таңдалуы керек және тек жоғары білім ғана тұрақтылықты қамтамасыз етеді деген стереотип әлі де бар. Ал бейресми білім берудегі заманауи мамандықтар жай ғана «ойыншық» болып табылады және кәсіби дамуға және ақша табуға көмектеспейді.
«Сондай-ақ біздің қоғамда мүгедектігі бар мамандарға қатысты қоғамды, оның ішінде әлеуетті жұмыс берушілерді стигматизациялаудың әлі де жоғары деңгейі бар. Атап айтқанда, олар жиі ауырады, жұмыс көлемін орындамайды, еңбек шартын жасауда немесе бұзуда қиындықтар туындайды және т.б. деген пікірлер бар», — деді Захира Бегалиева.
Қалалардың, облыс орталықтарының көліктік-сәулеттік инфрақұрылымының дамымағандығы, жалпы ауылдардағы жағдайдың нашарлығы мүгедектігі бар жандардың жұмыспен қамтудың көрінісін қиындатып отыр.
«Мәселелерді жүйелі шешудің бірі бейресми білім беру болды. Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы тар бейінді дамытуға ғана емес, сонымен қатар еңбек құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Барлық жастардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың заманауи мамандық алу және оңай жұмыс табу мүмкіндіктерін теңестіруге көмектесетін басты құрал – цифрландыру. 2019 жылдан бастап ITeachMe қоры әлеуметтік инвесторлар, бас серіктес Shevron компаниясымен серіктестікте мүмкіндігі шектеулі жастар мен әлеуетті жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Тренингтің басты ерекшелігі оқу барысында студенттер өздерінің digital дағдыларын монетизациялайды », — деп түйіндеді Қор басшысы.