Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 млрд теңге зейнетақы төленді, оның 253,1 млрд теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 571,2 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді.
Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 120 798 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақының мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.
Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға арналған ынтымақты жүйеде әзірленген еңбек өтілі, сондай – ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі-МЗЖ) төленген кезеңдер енгізіледі.
Егер зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімі 10 жыл және одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-ын құраса, онда 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, қатысу мерзімі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 80 пайызын құрайтын болады. 30 жыл және одан да көп жұмыс өтілі бар болса, ол ең жоғары мөлшерде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде белгіленеді.
Егер бір ай ішінде МЗЖ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым жүйелі және толық көлемде төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.
2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 297 мың адамды құрайды.
Қазақстанда базалық зейнетақы жасына қарай қалай тағайындалатыны туралы Еңбек министрлігінде толығырақ айтылды.