Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі
Қазақстанда 1 шілдеден бастап 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналарға берілетін жәрдемақы көбейтіледі.
1 шілдеден бастап Республикалық бюджеттен «Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін арттырылады (2023 жылы-25 530 теңге). Тиісті норма Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қарастырылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі – «Марапатталған аналар» деген жаңа ұғымның енгізілуі. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.
Бүгінгі күні 6, 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Енді марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшерін саралау қарастырылып отыр.
«Осылайша, «Алтын алқа» алқасымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, Батыр ана атағын алған аналарға, яғни 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері белгіленеді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 7,4 АЕК-ке дейін өсті (2023 жылы – 25 530 теңге).Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған анаға қатысты болады», — делінген хабарламада.
Жәрдемақы алушыларға мөлшерін арттыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылатын болады.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Илья Скуб көп балалы отбасылардың балалары есейген соң неліктен мәртебесінен айырылатынын түсіндірді.