Now Reading
Қазақстанда балаларға арналған алғашқы онлайн жинақ сандықшасы іске қосылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда балаларға арналған алғашқы онлайн жинақ сандықшасы іске қосылды

Қазақстанда балаларға арналған алғашқы онлайн жинақ сандықшасы іске қосылды

Балаларының болашағына қамқорлық жасау үшін көптеген қазақстандық ата-аналар оларға банк депозиттерін ашып, олардың кәмелетке толғанын күтеді. Бірақ бұл «ата-ана – бала – банк – депозит» тізбегінде бірдеңе жетіспейтін еді. ЦентрКредит Банкі клиенттердің қажеттіліктері мен цифрлық технологияларды біріктіріп, баланың өзі басқаратын «Онлайн жинақ сандықшасы» бірегей балалар депозитін ұсынды.

Қаржы нарығында балалардың оқуына, жылжымайтын мүлік немесе көлік сатып алуға, бірақ оларды балаларға арналған мобильді қосымшаларда көрсетпей-ақ, әртүрлі шоттар мен депозиттер ашуға ұсыныстар бар. ЦентрКредит Банкі ата-ана үшін де, бала үшін де толыққанды депозитті енгізген алғашқы отандық банк.

«Біз балаларымыздың қаржылық сауатты болғанын, ақшамен дұрыс жұмыс істеуді және заманауи құралдарды пайдалануды білгенін қалаймыз, — дейді «ЦентрКредит Банкі» АҚ карточкалық бизнес орталығының атқарушы директоры Нұргүл Бимағамбетова.

— Біздің банк балалар картасымен қатар, қолдануға ыңғайлы онлайн «Junior Bank» банкингін іске асырды. Картаны пайдалана отырып, балалар 15%-ға дейінгі кэшбэк алады, ақша аударады, төлемдер жасайды, енді олар депозит шарттары бойынша онлайн жинақ сандықшасын де аша алады. Бұл олар өздерін одан да тәуелсіз және ересек сезінуге мүмкіндік береді».

Бүгінгі таңда 120 мыңнан астам бала Junior картасының пайдаланушылары болып табылады.

«Мен сурет салуға арналған планшет алғым келеді және оған ақша жинауды армандаймын. Анам маған балалар картасын ашып берді, мен қосымша арқылы өзіме онлайн жинақ сандықшасын аштым, тіпті нағашыларыма, апаларыма, әжелерім мен аталарыма оны толықтыру туралы өтініштер жібердім. Ай сайын менің сандықшамда ақша көп болады. Айтпақшы, смартфон арқылы Junior картасымен төлеу өте ыңғайлы, менің картам Apple Pay-ге қосылған» — дейді Алматылық 12 жасар оқушы қыз Әлнура.

«Балалар банкі» депозитін ашу үшін не қажет?

Ата-ана ЦентрКредит Банкінің клиенті болуы керек. Егер сіз әлі клиент болмасаңыз, BCC.KZ мобильді қосымшасын жүктеп алып, тіркеліп, бірнеше минут ішінде Junior цифрлық картасын шығарып алуға болады.

Сіз өзіңіздің балаларыңызға (5 Junior картасына дейін) онлайн карта аша аласыз, содан кейін транзакцияларды қадағалай аласыз, лимиттерді белгілей аласыз, аударымдар жасай аласыз және т.б. Бірақ ең бастысы, сіз онлайн жинақ сандықшасын аша аласыз. Оны толтыруға немесе тұрақты түрде автоматты толтыруды орнатуға болады, ал бала смартфонына Junior Bank қосымшасын орнатуы керек. Нені сақтау керектігін балалар өздері таңдайды және жинақ сомасын белгілейді.

Қызметтің құндылығы — бұл жай ғана жинақ сандықшасы емес, 14,5% (15,5% СЖТС) мөлшерлемесі бар нақты депозит. Бала ай сайын пайыз алып, жинақ ақшасын қосымшада қадағалайды.

Сонымен қатар балалар өз армандары үшін ақша жинауға көмектесу үшін туыстары мен достарына өтініш жолдай алады. Бұл ретте туыстары басқа банктердің клиенті болса да, өтінішті жасауға болады.

«Онлайн жинақ сандықшасы» депозитінің мерзімі 3 айдан 12 айға дейін. Бұл икемді депозит, оны 1 теңгеден ашуға болады және ең төменгі теңгерімге дейін ішінара алуға рұқсат етіледі. Депозиттік қаражатты Junior картасы арқылы банктік банкоматтарда комиссиясыз алуға немесе өтінімдегі картаға ішінара аударуға болады.

Балаларыңызға армандары үшін тиімді үнемдеуді үйретіңіз!

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×