Now Reading
Бала асырап алған отбасыларға айына 1 млн теңге төлеу ұсынылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бала асырап алған отбасыларға айына 1 млн теңге төлеу ұсынылды

Бала асырап алған отбасыларға айына 1 млн теңге төлеу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бала асырап алған отбасыларға ай сайын 1 миллион теңге төлеуді ұсынды.

 

Оның пікірінше, Қазақстанда балалар үйінің санын қысқарту, тіпті толықтай жабу керек. Депутат ең алдымен бала асырап алғысы келетін қазақстандықтарға жағдай жасалуы керек деп есептейді.

 

«Балалар үйлері балаларды патронаттық отбасыларға бергілері келмейді, өйткені мемлекет әр балаға қомақты қаржы бөледі. Мәселен, балалар үйіндегі бір балаға мемлекет айына 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін бөледі. Бұл қаражатты бала асырап алғысы келетін отбасыларды қолдауға бағыттасақ, оның оған пайдасы әлдеқайда көп болады», – дейді Қарақат Әбден.

 

Мәжілісмен балалар үйінің жұмыс жүйесін өзгерту және оны ауыр науқас балалар тәрбиеленетін оңалту орталығы ретінде қайта құру қажет екенін айтты.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...