Қазақстан Республикасының VI Жазғы Паралимпиадалық ойындары аясында 19-22 мамыр аралығында парапауэрлифтингтен жарыстар өтеді. Жарысқа еліміздің 19 облысынан 120-ға жуық спортшы қатысады.
Спортшылар келесі салмақ дәрежелері бойынша жарысады:
ерлер — 49 кг дейін, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, 80 кг, 88 кг, 97 кг, 107 кг және 107 кг жоғары;
әйелдер — 41 кг дейін, 45 кг, 50 кг, 55 кг, 61 кг, 67 кг, 73 кг, 79 кг, 86 кг және 86 кг жоғары.
Жарыстар WPP Халықаралық федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі. Қазақстан Республикасының VI Жазғы Паралимпиада ойындары 10-30 мамыр аралығында өтеді.