Now Reading
Қазақстанда ата-ана Кодексін әзірлеу жоспарлануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда ата-ана Кодексін әзірлеу жоспарлануда

Қазақстанда ата-ана Кодексін әзірлеу жоспарлануда

Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқаты индексінің төмен көрсеткіштері үшін әкімшілік-аумақтық бірліктердің бірінші басшыларының жауапкершілігін енгізу жоспарлануда. Мұндай шаралар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарының жобасында қарастырылған.

«Балалардың қолайсыз жағдайын еңсеру үшін жер-жерлерде балалардың әл-ауқатын өлшейтін бекітілген Көрсеткішті енгізу, Ақпараттық карта жасау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, алдағы уақытта проблемалық аймақтарды анықтау бойынша шаралар қабылдау қажет. Жоспарланған шаралардың арқасында индекс жыл сайын 1 тармаққа көтерілетін болады. Сонымен қатар индекстің төмен көрсеткіштері үшін әкімшілік-аумақтық бірліктердің бірінші басшыларына әкімшілік жауапкершілікті енгізу ұсынылады», — делінген құжатта.

Кешенді жоспар жобасында 2025-2029 жылдарға арналған балаларға үздіксіз білім беру тұжырымдамасын қабылдау балалардың тәрбиелік құрамдас бөлігін күшейтудің, балалардың әл-ауқатын кешенді қамтамасыз етудің маңызды шешімі болатыны атап көрсетілген.

Сонымен қатар балаларға қатысты зорлық-зомбылық, суицид деңгейін төмендету және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ата-ана мәселесі бөлек қарастыруды қажет етеді.

«Жүргізілген көп өлшемді талдау ата-аналардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы нормативтік ережелерді біріктіретін, оларды түсінуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ететін, оларды азаматтарға қолжетімді ететін, ата-аналарды мемлекеттік қолдау шараларын айқындайтын құжат ретінде Ата-аналар кодексін әзірлеудің өзектілігін көрсетеді», — делінген Кешенді жоспар жобасында.

Ата-аналар кодексінің мақсаты Республикада ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін, олардың балалардың игілігі үшін жауапкершілігін анықтау бойынша мемлекет пен азаматтардың серіктестігіне негізделген жүйелі және тұтас көзқарасты жүзеге асыру болып табылатыны түсіндіріледі. 

«Кодексті әзірлеу балалар мен жасөспірімдерге құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қолжетімді түрде түсіндірудің тағы бір құралы болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×