1 маусымнан бастап 1414 кеңесшілері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес беретін болады.
1414 бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға тегін стоматологиялық көмек алу, МӘМС-ке қандай қызметтер кіретіні, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында не алуға болатыны және т.б. бойынша кеңес бере алады. Сонымен қатар 1414 телефоны арқылы қазақстандықтар медициналық ұйымға қатысты шағымдарын білдіре алады.
«Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп 1414 желісі арқылы қоңырауларды қабылдау бойынша дайындық шараларын жүргізді. Енді біздің консультанттар азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру бойынша көмек көрсете алады. ӘМСҚ байланыс орталығының функцияларын Мемлекеттік корпорацияға беру қайта бағыттау санын қысқартады және қолжетімділіктің артуына, ұсынылатын ақпараттың сапасын арттыруға әсер етеді деп күтеміз», — деп түсіндірді Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Бірыңғай байланыс орталығы қызмет түрлерін ескере отырып, 1318 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беретіні атап өтілді. Операторлар eGov.kz порталының қызметтері, eOtinish жүйесі және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі бойынша кеңес береді. Сонымен қатар 1414 желісі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызметтерге шағымдар қабылданады, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсетуге өтініштер қабылданады.
Еске салайық 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап бірыңғай байланыс орталығының функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАК құзырына берілді. Қызметтер ЕКК-ге бергеннен бері 51,6 миллионнан астам өтінім қабылданып өңделді. Клиенттерге қоңырау шалу пайызы 87%-ден 98% дейін өсті, оператордың жауабын күту уақыты 2 минуттан 15 секундқа дейін қысқарды. 1414 нөмірі бойынша кеңес алу тәулік бойы жүргізіледі, ұялы телефоннан да, қалалық телефоннан да қоңырау шалу тегін.