Now Reading
Қазақстанда мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсартудың ұлттық жоспары пайда болуы мүмкін
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсартудың ұлттық жоспары пайда болуы мүмкін

Қазақстанда мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсартудың ұлттық жоспары пайда болуы мүмкін

Қазақстанда 2025 жылға дейін мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспарды бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 32-тармағына сәйкес 2022 жылғы 29 сәуірдегі 274 Заңнамалық актілерде тиімділік мақсатында Үкімет немесе мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінде айқындауға тиіс нормаларды шектен тыс (артық) заңнамалық реттеу мәні бойынша заңнамалық актілерді алып тастау мақсатында ) », — делінген Ашық құқықтық актілер порталында жарияланған бұйрық жобасында.

Құжатта атап өтілгендей, ұлттық жоспар аясында келесі жұмыстар атқарылады:

— мүгедектікке әкеп соғатын туа біткен даму ауруларын және тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін балаларды ерте скринингтен өткізу — қамту көрсеткішін биылғы жылғы 92%-дан 2024 жылы 93%-ға жеткізу;

— барлық 3 кезеңде (амбулаториялық-емханалық, стационарлық, санаториялық-курорттық) оңалту көмегінің үздіксіздігін қамтамасыз ету — ағымдағы жылы көрсетілген көмектің үлесін 45%-дан 2024 жылы 50%-ға дейін жеткізу;

— ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жүзеге асырылуын бақылау;

— аймақтар бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны туралы статистикалық мәліметтерді қалыптастыру;

— мүгедектерді заманауи протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;

— мүгедектігі бар жандарға арналған оңалту орталықтарының желісін дамыту;

— мұқтаж азаматтарға, оның ішінде адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында азаматтарды өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға жатқызу критерийлерін және мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтердің тізбесін жаңарту;

— үйде қызмет көрсетілетін тұлғалар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

— балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, олимпиадалық даярлау орталықтарында және олимпиадалық резервті даярлау орталықтарында мүмкіндігі шектеулі спортшыларды даярлау процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

— мүгедектігі бар жандарды флюорографиялық тексерулермен қамту және қолжетімділігін бақылау.

Бұйрық 9 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×