Now Reading
Церебральді сал ауруына шалдыққан кішкентай Қарағанды тұрғыны бейімделген таэквондо сабақтарының арқасында жүре бастады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Церебральді сал ауруына шалдыққан кішкентай Қарағанды тұрғыны бейімделген таэквондо сабақтарының арқасында жүре бастады

Церебральді сал ауруына шалдыққан кішкентай Қарағанды тұрғыны бейімделген таэквондо сабақтарының арқасында жүре бастады

Қарағандылық Матвей Пенчук бейімделген таэквондо сабақтарында өзінің алтыншы туған күнін атап өтеді. Тәжірибелі жаттықтырушы Ербол

 Игембаевтың жетекшілігімен спорттық жаттығулар церебральды сал ауруына шалдыққан баланың алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік берді.

Екі жыл бұрын ITF таэквондо мен кикбоксингті дамыту орталығында ерекше балаларға арналған спорт секциясы ашылған. Осы уақыт ішінде ерекше қажеттіліктері бар көптеген кішкентай қарағандылықтар мемлекеттік спорт тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша тегін жаттығуда.

Бұл балалармен таэквондо жаттықтырушысы Ербол Игембаев жұмыс жасауда. Оның бапкерлік тәжірибесі 28 жылды құрайды.

«Бүгінгі таңда ArtSport бағдарламасымен сегіз бала жаттығуда. Жалпы жаттығатын балалар саны 2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған адаптивті таэквондо секциясын аштым. Мұндай балалармен жеке-жеке жаттығу керек. Әртүрлі жас, әртүрлі диагноз, сондықтан әрқайсысы жеке қарым-қатынасты талап етеді. Жаттығуды бастамас бұрын мені баланың амандығы, көңіл-күйі қызықтырады. Біз ата-аналармен бірге жұмыс жасаймыз. Олар балаларына жеткілікті уақыт бөледі, үйде мен беретін жаттығулардың барлығын жасайды. Нәтиже бар», — деді жоғары санатты жаттықтырушы Ербол Игембаев.

Секция оқушыларының бірі Матвей Пенчуктің алғашқы маңызды нәтижелері алты айға жуық дайындықтан кейін пайда болды. Бала өз бетімен жүре бастады.

«Баламның қадам басқанын алғаш көргенде өзімді ұстай алмадым. Біз бір жылға жуық уақыт бойы жаттығып келеміз. Матвейде спастикалық диплегиялы церебральді сал ауруы бар. Осы жердегі жаттығулардан кейін ұлым жүре бастады, толық өздігімен тұрды. Әйелім екеуміз бұл нәтижелерге өте ризамыз. Күн сайын баламмен бірге тоғызыншы қабатқа баспалдақпен көтерілеміз. Үйде біз арнайы құрылғылармен жұмыс істейміз, жаттықтырушының ұсыныстарын орындаймыз. Матвей сабақтарды жақсы көреді, мұнда оның достары көп. Мен ұлымды мақтан тұтамын», — деді Матвейдің әкесі Илья Пенчук.

Матвейдің анасы Марина баласының жетістігі туралы көзіне жас ала отырып айтады. 

«Матвей тек жүріп қана қоймай, допты да тебе алатын болды. Мен бұл туралы тіпті армандай да алмайтын ем. Орталықта аптасына үш рет бір сағаттан жаттығамыз. Ол жаттығуды асыға күтеді. Мен өзгерістерді тек физикалық тұрғыда ғана, көптеген өзгерістерді  күнделікті көріп отырамын. Ұлым шыдамды болды, ол табандылық пен тәртіпке үйренді», — дейді Марина.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында мемлекеттік спорт тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы бойынша спорттың 23 түрінен 168 секция жұмыс істейді. Бағдарлама аясында 762 жеткізуші өтінім берген.  Ерекше балалар шахмат пен адаптивті таэквондоға қатыса алады.

«Өткен жылы ArtSport бағдарламасына барлығы 58 мүмкіндігі шектеулі бала тартылды. Мұндай балалармен жұмыс істеу оңай емес, арнайы дайындық қажет. Біз барлық жеткізушілермен келіссөздер жүргіземіз, қажетті көмек көрсетеміз. Ерекше балалармен жұмыс істегісі келетін жеткізушілер қатары алдағы уақытта да көбейеді деп сенеміз», – дейді Бұқаралық және балалар спортын дамыту орталығының басшысы Әділ Жақыпов.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×