Valuable 500 бизнес коалициясы мүгедектігі бар жандар үшін ең жақсы дамыған қалалардың тізімін жариялады.
Рейтинг мүгедектігі бар 3500 адам арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалған. Сауалнамаға қатысушылар дүние жүзіндегі қалаларды «көлік қатынасы, тұрғын үйлердің көрікті жерлерге, дүкендер мен мейрамханаларға жақындығы және қолжетімділік ақпаратының қолжетімділігі» негізінде бағалаған.
«Физикалық қолжетімділік маңызды болғанымен, мүгедектігі бар адамдар туристік провайдерлерді өздерінің қажеттіліктерін құрметтеу және түсіну негізінде таңдайды», — деді баяндама авторы және саяхатшы Мартин Хенг.
Азия
Сингапур
Сингапурдағы жаяу жүргіншілер жолдарының, такси тұрақтары мен аялдамалардың 95%-дан астамы мүгедектігі бар жандар арбасындағыларға, қарттарға және басқа да мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді. Қала-мемлекеттің қол жетімді болуының негізгі себебі демографиялық құлдырау және оның тұрғындарының қартаюы болып табылады.
Шанхай, Қытай
Соңғы жылдары қаланың көп бөлігі қайта жөнделгендіктен, Шанхайдың жаяу жүргіншілер жолы тамаша, бұл жолдарды көшемен байланыстыратын көптеген арнайы пандустар бар. Сондай-ақ бұл қалада мүгедектігі бар жандар арбасындағы адамдардың қажеттіліктері үшін толық жабдықталған әлемдегі ең үлкен метро желісі бар.
Токио, Жапония
Жапония астанасының басты ерекшеліктерінің бірі – мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді көлік және жер бетінің бірегей тактильді көрсеткіштері бар: олар нашар көретін жаяу жүргіншілерге қауіп туралы ескертеді және адамдар көп шоғырланған жерлерде жүруге көмектеседі. Негізгі көшелер де бордюрлермен жабдықталған.
АҚШ
Лас-Вегас
Вегас әлемнің түкпір-түкпірінен туристер мен құмар ойыншыларды тартатындықтан, жергілікті қонақүйлер мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған нөмірлермен жабдықталған. Мұндай бөлмелерде төбенің көтергіштері, сондай-ақ визуалды және діріл сигнализациясы бар. Лас-Вегастағы казиноларда мүгедектігі бр адамдарға ойын үстелдерінде көмектесетін немесе тіпті мұқтаж адамдарға ставкалар қоятын арнайы оқытылған қызметкерлер бар екен.
Нью Йорк
Бұл қала мүмкіндігі шектеулі адамдарға «саяхаттарын жоспарлауға және көңілдерінен барынша шығуға» мүмкіндік беретін ақпарат бергені үшін ең жоғары балл алды. Нью-Йорк қаласының ресми нұсқаулығында қаладағы қолжетімділіктің әртүрлі аспектілері туралы терең мақалалар, сондай-ақ кейбір көрнекті туристік көрікті жерлерге арналған арнайы нұсқаулықтар бар.
Орландо
Орландо туристерді «Уолт Дисней әлемі», «Теңіз әлемі» және Universal Studios Florida сияқты әйгілі тақырыптық саябақтарымен танымал. Valuable 500 есебіне сәйкес Орландодағы барлық ойын-сауық саябақтары мүгедектігі бар адамдарға арналған бөлмелерді қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар кезектерді болдырмау үшін шаралар қабылдап отырады.
Еуропа
Амстердам, Нидерланды
Амстердамның басқа қалалардан артықшылығы – арбадағы мүгедектігі бар адамдар пайдалана алатын велосипед жолдары бар. Қалада мүгедектігі бар адамдар арбасын сыйдыра алатын арнайы бейімделген велосипедтерді де жалға алуға болады. Анна Франк үйі мен Рембрандт үйінің мұражайын қоспағанда, қаладағы барлық дерлік туристік орындарда мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік пен қызметтер бар.
Париж, Франция
Парижде 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындары өтеді, бұл қаланың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуына «қосымша серпін» беріп отыр. Халықаралық шара қарсаңында қалада олимпиадалық және паралимпиада нысандарының айналасында 15 арнайы аудан ашылып, қоғамдық орындарға, қонақүйлерге, дүкендерге және т.б. қолжетімділікті кеңейтеді. Көптеген қалалық мұражайлар мүмкіндігі шектеулі жандарды билетсіз кіргізеді және кезексіз өткізеді.
Австралия
Сидней
Valuable 500 мәліметтері бойынша әйгілі Опера театры мен Харбор көпірі орналасқан Сиднейдің көрікті жерлерінің басым көпшілігі мүгедектігі бар адамдар арбасына арналған. Сондай-ақ қаладағы барлық жаңа және жөндеуден өткен ғимараттар заң бойынша мүгедектігі бар аамдарға қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек.