Ақтауда «Ерекше балалар ата-аналарының одағы» республикалық бірлестігінің құрылуының мерейтойы аталып өтті. Бірлестікті он белсенді ата-ана мүмкіндігі шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында құрды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 742 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 145 мың мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім алуды қажет ететін балалар. Маңғыстауда 30 мыңға жуық мүгедектігі бар жан болса, оның ішінде 6 мың 18 жасқа дейінгі балалар. Республикада «Ерекше балалардың ата-аналары одағының» 17 филиалы ашылды. Маңғыстау филиалы осы уақытқа дейін 130 адамды біріктірді.
«Біздің одақ балаларды жасына және диагнозына қарай бөлмейді. Біз балаларға мереке ұйымдастырамыз, ал аналар үшін психологтарды шақырамыз, тренингтер өткіземіз. Өйткені ананың денсаулығы — физикалық ғана емес, эмоционалдық жағынан да өте маңызды. Біздің де міндетіміз — 18 жастан асқан балаларға арналған түзету орталығын ашу. Көп жағдайда олар назардан тыс қалып жатады, олардың арасында мамандық ала алатын жандар да бар», — дейді «Арнайы ата-аналар одағы» облыстық филиалының директоры Қарлығаш Әлмұхамбетова.
Сала мамандарының жетіспеушілігі басты мәселелердің бірі деп есептейді сала басшысы. Сонымен қатар балаларды жеке меншік ұйымдарда оңалту бүгінде өте қымбатқа түседі. Бір балаға айына 200 мыңнан астам теңге жұмсалады – мұндай қаражатты әр отбасының қалтасы көтере бермейді. Бұл мәселенің шешімі табылды – ұйым заңға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеп енгізді. Түзетулер енгізілсе, мұндай балалардың ата-аналары логопед, дефектолог, ЛФК маманы, репетитор, ассистент сынды мамандықтарды тегін игере алады.
«Мүгедектігі бар жандардың барлық қызметтер мен тауарларға қолжетімділігін жүзеге асыру өте маңызды. «Арнайы азаматтардың әлеуметтік экожүйесі» жобасы бес жылға жспарланған. Ол ата-аналарды оқытуды, мектепке дейінгі инклюзивті, мектеп және орта мамандандырылған мекемелерді дамытуды қамтиды. Біз инклюзивті қоғам құруды жақтаймыз және инклюзив қоршаған ортаны, балаларға деген көзқарасты, педагогиканың өзін өзгертетін үрдіске айналуы керек деп есептейміз», — деп атап өтті Қарлығаш Әлмұхамбетова.
Заңға өзгерістер енгізуді күтпей-ақ Одақтың Маңғыстау филиалы мен «Біз халықпыз – біз біргеміз» қоры 24 ерекше балалы ананы оқытуды ұйғарды.
«Ата-аналар массаж курстарынан өтті, оған жалпы массаж, маскалар, пилинг және т.б. кіреді. Кейбір аналар жұмыс тауып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар демеушілер бізге кәсіби кереует берді, біз оны ерекше балалар ата-аналарының одағына сыйға бердік. Ал бүгінгі таңда ата-аналар кезектесіп 10 күнге осы кереуетті алып балаларына массаж жасап жатыр», — деп қосты «Біз халықпыз – біз біргеміз» қорының жетекшісі Иманғазы Досмұхамбетов.
Маңғыстауда ерекше балаларға арналған тегін бөлімдер санаулы ғана. Жаңаөзенде мұндай балалар паралимпиадалық спорттың балалар секциясына – боччаға қатыса алады, бұдан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға арналған арбада жүретіндерге арналған жүзу және хореография секциялары бар. Облыс орталығында тегін үйірме — тек бочча ғана. Қазір негізгі командада жеті бала бар — олар үнемі жарыстарға барады, тағы 10 бала алдағы уақытта жаттығады.
«Ал ата-анасы әлі шешім қабылдамаған балалар бар — олар бір келіп, бір келмей қалып жатады. Әрине бұл жерде ең алдымен ата-анамен жұмыс істеу керек. Маған аналар мен әкелер жаттығуда көп көмектеседі. Бала бірінші рет келгенде, біз оған ата-анасымен бірге доп лақтыруды үйретеміз. Екі жыл жүргендер ережені жақсы біледі.Қалалық, облыстық жарыстардан алған жүлделеріміз көп, Республикалық ойындардың жеңімпаздары да бар. Бірақ оны әлі жарыс деп айту,а келмейді, бұл 6 мен 14 жас аралығындағы балаларға арналған фестиваль. 15 жастан бастап олар чемпионаттарға қатысып, Қазақстанның ұлттық құрамасына іліне алады., – дейді бочча жаттықтырушысы Ақкүміс Боқаева.
Ерекше егіздердің анасы Әсел Әжіғалиева екі жарым жыл бұрын чатта бочча бөліміне қабылдау туралы хабарландыруды көріп қалғанын есіне алды. Іріктеуде мүгедектігі бар жандарға арналған арбадағыларға басымдық берілді.
«Іріктеуге келіп ұнаттық. Содан бері екі балам да қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мирас сол жақтығы гемипарезбен ауырады, ал Диас ДЦП-ның диплегиялық түрімен ауырады. Әрине Диасқа ағасынан да қиынырақ. Бірақ жаттығу кезінде оның физикалық жағдайы жақсарды. Ең бастысы, бочча әлеуметтенуге көмектеседі, балалар үйде отырмай, секцияларға қатысады», — дейді егіздердің анасы.
Маңғыстау облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдар құқығы жөніндегі кеңесшісі Владислав Трифонов көбіне ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қиындықпен бетпе-бет жалғыз қалады дейді. Сондықтан тұрақты қолдау өте маңызды және қажет. Дегенмен барлық мүдделі тараптардың бірігіп жұмыс істеуінен нәтиже болады.
«Мысалы Ерекше балаларға арналған инклюзияға құрылыс басқармасы да, денсаулық сақтау, спорт, жұмыспен қамту, үйлестіру басқармалары бірлесіп қатысуы тиіс. Бірақ шын мәнінде бүгінгі таңда бұл тек білім аясында ғана қалып отыр. Біз бұл туралы үнемі айтып келеміз. Ал бүгін ерекше балалардың ата-аналарынан жаңа серпін пайда болды – бұл Одақ. Тиісті тарап бізді естиді деген сенімдеміз», — деді Владислав Трифонов.
Мерейтой барысында ата-аналар мен олардың ерекше балалары әңгімелесіп, шынайы қуыршақтармен билеп, сиқыршылардың қойылымдарын тамашалап, сыйлықтар алып, балмұздақ жеп қуанышқа кенелген күн болды.