Now Reading
Алматы облысында парапланнан әлем кубогы басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы облысында парапланнан әлем кубогы басталды

Алматы облысында парапланнан әлем кубогы басталды

Алматы облысында дәл қонуға арналған парапланнан әлем кубогы басталды. Іріктеу жарыстарына Азия мен Еуропаның 20 елінен 15 пен 78 жас аралығындағы 100-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыс 3 күнге созылады. Жартылай финал мен финал 18 маусымда өтеді. Ұйымдастырушылар параплан спортты аймақтағы туризмнің дамуына септігін тигізетініне сенімді.

Игорь Виршки, Қазақстан Республикасы Парапландар федерациясының президенті:

— Жарысқа Еуропа, Азия елдері қатысуда. Ал алдағы уақытта бұл жарыстар тек қана қарқын алады, спортшылар көбейеді деп сенімдімін, өйткені біздің қазақстандық қонақжайлылығымызды барлығы өте жоғары бағалауда. Бұл жарыстарға Қазақстаннан 20-ға жуық спортшы қатысады, ал қалғандары шетелдік спортшылар.

Матьяж Слуга, жарысқа қатысушы: — Бұл спорт түрімен айналысқаныма 43 жыл болды. Осы елге 4-ші рет келіп тұрмын. Маған бұл ел өте ұнады. Бұл жерде желдің бағыты үнемі өзгеріп отырады, бұл жарысты қиындатады, бірақ соған қарамастан жарысты қызықты етеді. Мен шынымен жеңіске жетемін деп үміттенемін!

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...