Now Reading
Қазақстанда орташа зейнетақы көлемі өсті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда орташа зейнетақы көлемі өсті

Қазақстанда орташа зейнетақы көлемі өсті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақының көлемі қандай екенін айтты. Жалпы зейнетақының орташа мөлшері 2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 120 743 теңгені құрады.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1 триллион 374,1 миллиард теңге зейнетақы төленді, оның 421,9 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 952,2 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды.

2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 299 мың зейнеткер тұрады.

«2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге», – делінген хабарламада.

Мамыр айында жалпы зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады.

 

0
Tags :
No More Posts