Now Reading
Түркістан облысында 159 әлеуметтік нысандар мүмкіндігі шектеулі жандарға толық бейімделген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Түркістан облысында 159 әлеуметтік нысандар мүмкіндігі шектеулі жандарға толық бейімделген

Түркістан облысында 159 әлеуметтік нысандар мүмкіндігі шектеулі жандарға толық бейімделген

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету аясында 517 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді. Бұл ретте оның 159-ы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толық бейімделген.

 

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылы әзірленген Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары, AMANAT партиясының жол картасы және «Кедергісіз келешек» жобасы жүзеге асырылуда.

 

Жоба бүкіл ел бойынша бейімделу үшін 22 000 басым нысанды анықтады. 2021-2025 жылдар аралығында жыл сайын 4400 нысан бейімделуі тиіс. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 9128 нысан бейімделген.

 

Түркістан облысында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағандай, 5 жыл ішінде 1294 нысанды барлық санаттағы мүгедектігі бар жандарға бейімдеу қарастырылған. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімдеуге жоспарланған 776 нысанның 517 нысанында жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген «постбақылау» тексеру барысында көрсетілген 517 нысанның ішінде 159 нысан толығымен бейімделді.

 

Облыста мүгедектігі бар жандардың барлық санаттары үшін:

 

— мемлекеттік мекемелер – 63 (38 әкімдік, 3 облыстық басқарма, 18 жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, 1 мәслихат, 1 сот және т.б.);

 

— денсаулық сақтау объектілері – 28 (6 емхана, 6 аурухана, 4 медициналық орталық, 3 дәрігерлік амбулатория және т.б.);

 

— білім беру объектілері – 17 (13 мектеп, 2 университет, 1 институт, 1 колледж);

 

— басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілері – 51 (8 банк филиалы, 7 пошта бөлімшесі, 11 мәдениет үйі, 3 әлеуметтік оңалту орталығы, 3 сауда үйі, 2 қонақ үй, 2 дәріхана, әуежай, автовокзал, стадион, спорт кешені және т.б.).

 

«358 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 802 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар бойынша – 139; көру қабілетінің бұзылуымен -224; тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуымен – 78, мүгедектігі бар жандар арбасында жүретіндер үшін – 361. Бұл бұзушылықтар жыл соңына дейін толығымен жойылады, бейімдеу шараларын аяқтау үшін нысан иелерімен түсіндіру және кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін 259 нысанды бейімдеу жоспарлануда», — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

 

Сонымен қатар, профилактикалық бақылау аясында мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 70 тексеру жүргізілді.

 

Тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 67 ұйғарым шығарылды, жалпы сомасы 5,6 млн теңгеден астам 42 әкімшілік айыппұл салынды.

 

Профилактикалық бақылау жүргізу кезінде объектілердің иелеріне бұзушылықтар бастапқы анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы ұйғарым ғана шығарылады. Бұйрықты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда айыппұл салынады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×