Now Reading
Мүгедектігі бар адамдардың туыстары жалақы алатын болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар адамдардың туыстары жалақы алатын болады

Мүгедектігі бар адамдардың туыстары жалақы алатын болады

Мүгедектігі бар адамдардың туыстары тиісті сыйақысы және әлеуметтік аударымдары бар жеке көмекші ретінде есепке алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

«Мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту жоспарлануда. Мүгедектігі бар адамның туыстары тиісті сыйақысы және әлеуметтік аударымдары бар жеке көмекші ретінде тіркелетін болады», — деді Ақмәди Сарбасов.

Спикердің айтуынша тағы бір өзгеріс – арнаулы әлеуметтік қызмет (МӘҚ) стандарттарын қайта қарау және жан басына шаққандағы стандарт енгізіледі.

«Қызмет көрсетудің жеке стандарттары, ал өтемдік техникалық құралдардың шекті бағасы болады. Бұл өзгерістер техникалық жабдықтардың немесе тауарлардың жекелеген түрлерін одан әрі монетизациялауға әкелсе, екінші жағынан, жеке секторды кеңінен тарту, әсіресе ауылдық жерлерде СМУ қолжетімділігін қамтамасыз етеді», — деді вице-министр.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Әлеуметтік қызметтер порталында (ӘҚП) комиссияларға: 5 күн ішінде мүгедектігі бар адамдардың сапасыз өнім немесе қызмет көрсету туралы өтінішін қабылдау және қарау; жеткізушіге анықталған кемшіліктерді түзету мерзімдері көрсетілген хат жолдау және оның орындалуын бақылау; жеткізушіні ӘҚП-дан шығару және оны адал емес жеткізушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау.

«Сонымен қатар Әлеуметтік кодексте әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптар мен олардың мәртебесі көтеріледі. Осылайша біліктілігі тәуелсіз бағалаумен расталған сертификатталған мамандар ғана қоғамдық жұмыстармен айналыса алады. Әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі олардың біліктілігі, көрсетілетін қызмет түрлері мен сапасы туралы толық ақпаратпен ресімделеді. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйесі біліктілік деңгейін, санаты және көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қайта қаралады», — деп қосты Ақмәди Сарбасов.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...