Талаптар Әлеуметтік кодекстің 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты жаңартылды.
Жүктілік және босану бойынша, бала асырап алу бойынша, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін мемлекеттік корпорация арқылы жеке куәлігімен немесе электрондық баламасымен өтініш беру қажет. Қандастар жеке куәлігін немесе цифрлық құжат қызметінен электрондық құжатты ұсынуы керек. Сондай-ақ портал арқылы өтініш беруге болады.
Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілеріне жүгіну қажет.
Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Күтім бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтінішті қарау баланың тууы тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
Қандай құжаттарды ұсыну қажет?
— Жүктілік және босану бойынша: еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
— Бала күтімі үшін: баланың туу туралы куәлігі немесе туу туралы азаматтық хал актілерін жазу актісінен алынған анықтама.
Мерзімдері
• Жүктілік және босану бойынша төлемдер үшін: мерзімі 12 айдан аспауы керек;
• Бала күтімі төлемдері үшін: мерзімі 18 айдан аспауы керек.
Төлемдер қалай төленеді?
— Банктік шоттарға немесе электрондық әмияндарға;
— Түзеу мекемесіндегі алушылардың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
— Қазпошта арқылы үйге жеткізу.
Төлемдерді үйге жеткізіп беру
— Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
— Сырттан қарауға мұқтаж, медициналық анықтамасы бар жандарға;
— «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жоқ ауылдық жерде тұратындарға