Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мүдделі мемлекеттік органдар жаңа әдістеме жобасын келісіп, оған сәйкес ең төменгі жалақының мөлшерін анықтауды жоспарлап отыр.
«2019 жылы ең төменгі жалақы 1,5 есеге – 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін өсті. Биылғы жылы ең төменгі жалақы 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Сонымен бірге ең төменгі жалақының жоғарыда аталған өсімі орташа жалақыны есепке алмай жасалды», — деп атап өтті министрлік.
Ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа жобасында елдегі орташа жалақы мен еңбек өнімділігі ескерілген. Министрлік бұл тәсіл жеткіліктілік пен төлем қабілеттілігіне негізделген теңгерімді қамтамасыз етеді деп есептейді.