Қарағанды облысының тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек қолжетімді болады. Аршалы станциясына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді.
Әлеуметтік жоба – «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna Trust» АҚ компаниялар тобының тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік жобалар қоры» қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының негізгі ақпараттық серіктесі – Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауының арқасында алғаш рет азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтарын қорғау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша тегін консультациялар өтуде. Сонымен қатар, шалғай өңірлердің тұрғындары медиативті мен заң көмегін тегін ала алады.
Медициналық пойыз Аршалы станциясына 25 шілде күні сағат 02:44-те келеді. 26 шілдеде 23:45-те ұшады.
Медициналық пойыздың бағыты медициналық кабинеттер жоқ аймақтарды қамтиды. Яғни, биыл шалғайдағы станциялардың тұрғындары тағы да білікті мамандар: терапевт, тіс дәрігері, окулист, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр және т.б. тексеруден өтіп, емделуге мүмкіндік алды. Пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, ғаламторға сымсыз қол жеткізуге арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.
26 сәуір мен 17 шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, сондай-ақ Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарындағы 47 бекет тұрғындарына кәсіби медициналық, заңгерлік және медиативтік көмек көрсетті.
Бұған дейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 26 сәуірде Алматы-2 станциясынан жолға шығып, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына дейін жүретін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жүру кестесін бекіткен болатын.
Бір айта кетерлігі, медициналық пойыздың қозғалыс кестесі де шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің жетіспеушілігі ескеріліп, азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалған.