Now Reading
Қаратау қаласында қолы жоқ суретші ерекше суреттер салады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қаратау қаласында қолы жоқ суретші ерекше суреттер салады

Қаратау қаласында қолы жоқ суретші ерекше суреттер салады

Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының тұрғыны Аяжан Жуатай қолдың көмегінсіз сурет салатын ерекше қабілетімен танымал болды. Оның жұмыстары республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, қайырымдылық аукциондарына қойылған. Енді бойжеткен жеке көрмесімен туған елін аралауды армандайды.

Аяжан бұған дейін де жүздеген картиналар жасап үлгерген. Сурет салуды жасөспірім кезінен комикстер салудан бастаған. Уақыт өте келе хобби маңызды кәсіпке айналды. Қазір ол пейзаж, натюрморт және портреттер салады. Суреттерді қылқаламды тістеп отырады салады. Аяжан туғаннан бері церебральды сал ауруымен ауырады. Бірақ диагноз қайсарлы қыз үшін кедергі бола алмады. Суретші қыз ауруды жеңуге шығармашылық көмектесетінін мойындайды.

«Сурет салу мені басқа әлемге апаратын сияқты, ол мені аурумен байланысты қиындықтардан алшақтатады. Мен де басқалар сияқты өмір сүріп, жұмыс істеп, саяхаттасам деп армандаймын», — дейді Аяжан Жуатай.

Аяжанның тағы бір сүйікті ісі – әдебиет. Ол әсіресе лириканы жақсы көреді. Лирикалық шығармалар жаңа бейнелерді жасауға шабыттандырады. Суретші қыздың туындылары жерлестері арасында танымал. Ол портреттер мен эскиздерге тапсырыс алып отырады. Кәсіби мамандар да оның қабілетін жоғары бағалады.

«Бейнелеу өнері тұрғысынан талдасаңыз, арнайы білімі болмаса да, өнер мектебі оқушыларының картиналарынан кем түспейді» дейді өнер мектебінің мұғалімі Рахат Нұрбек.

Аяжан бұған дейін де бірнеше қалалық көрме өткізген. Енді ол өз жұмысын өзге өңірлерге ұсынып, ел аралап шығуды армандайды. Суретші қардай аппақ таулар мен шексіз далалар оны бұдан да әдемі картиналар жасауға шабыттандыратынына сенімді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×