Оралда ІІ топтағы мүгедектігі бар жан жеке пикетке шығып, аштық жариялады. Ер адам мүгедектігі бойынша азғантай жәрдемақыға күн көруден шаршағанын айтты.
Екінші топтағы мүгедектігі бар Бекболат Өтебаев аштық жариялауға әлеуметтік әділетсіздік пен өмір бойы ақша тапшылығы себеп болғанын айтады. Сондықтан 9 тамыз күні таңертең ер адам Абай ескерткіші жанынан жеке пикетке шықты.
«Мүгедектік бойынша жәрдемақыма сегіз мың қосты — бұл мазақ қой. Мен 10 мың теңге тұратын сараптамадан өттім. Мүгедектігім болғандықтан, маған жеңілдік берді, нәтижесінде сараптамаға 9 500 теңге кетті. Тек бір талдау үшін. Олардың мені жәрдемақыға қосқаны тіпті талдау жасауға да жетпейді.Қазір жәрдемақы 68 мың теңге.Ауруханаға бару үшін — екі мың, шаш алу үшін — бір жарым мың тенге, дәретхана сабыны — 500 тг. Ішкім киім сатып алу үшін — 1000 тг.Бірақ мен киінуім, жуынуым және өзімді күтуім керек.Менің ауруым диеталық тағамды қажет етеді, бірақ менде қаражат жеткіліксіз. Бәрі тым қымбат, Қазақстанда тұрмайтын сияқтымын. Олар өнімдердің қымбаттап жатқанын, коммуналдық қызметтердің өсіп жатқанын, дәрі-дәрмектердің қымбаттағанын көрмейтін сияқты. Оларға миллион жетіспесе, маған қалай жетеді? – дейді Бекболат Өтебаев.
Оның айтуынша, емханаларда оған барлық дәрі-дәрмек берілмейді, көбін жәрдемақыға сатып алуға тура келеді.
«Кешеден бері ештеңе жеген жоқпын. Ішкі саясат басқармасының бастығы Ербол Көшеков сөйлесуге шақырды, бірақ бармадым. Себебі мен сонда болдым, сөйлестім. Бағдарлама бойынша маған несиені жабулары тиіс еді, ал олар жай ғана қатырып қойған, қазір 17 мың теңгеден алынып жатыр», — деді ер адам.
Бекболат Өтебаевтың жеке пикетке бірінші рет шығуы емес, 2023 жылы ақпанда ер адам Абай алаңына да шыққан болатын. Арада біраз уақыт өткен соң оған Орал қаласы прокурорының орынбасары Алмас Унаев келді. Ол Бекболаттың әрекеті заңсыз екенін және әкімдік пикет туралы хабарлаудан бас тартқандықтан, полицияға жеткізілу қаупі бар екенін айтты.