Now Reading
АҚШ-тағы ерекше операция сал ауруына шалдыққан адамның қозғалысын қалпына келтірді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > АҚШ-тағы ерекше операция сал ауруына шалдыққан адамның қозғалысын қалпына келтірді

АҚШ-тағы ерекше операция сал ауруына шалдыққан адамның қозғалысын қалпына келтірді

АҚШ дәрігерлері ерекше ота жасады, оның арқасында сал ауруына шалдыққан ер адам қолын қайта қимылдатып, тіпті жанасу арқылы заттарды да сезіне алды,

Ол үшін науқастың миына бес микроскопиялық чип салынған. Жасанды интеллект адамның ойларын электрлік импульске айналдырады және оны қозғалуға мәжбүр ететін бұлшықеттерге бағыттайды. Ұсынылған видео кадрларында Кит Томас операциядан кейін алғаш рет әпкесімен қол алысты. Ер адам көз жасын әрең ұстап отыр. Кит соңғы үш жыл бойы сал ауруына шалдыққан. Енді жасанды интеллект оған қозғалуға көмектесуде: Киттің миына бес микрочип қондырылды. Күрделі операция 15 сағатқа созылған. Оны Файнштейн атындағы медициналық зерттеулер институтының ғалымдары, инженерлері және хирургтар тобы жүргізді. Осы уақыт ішінде пациент бірнеше рет анестезиядан шығарылды, ол есін жиып, дәрігерлермен олардың бәрін дұрыс істеп жатқанын түсінуі үшін сөйлесіп отырған.

Микрочиптер ер адамның миын жұлынмен «байланыстырады». Ал жасанды интеллект Томастың ойларын электрлік сигналға айналдырып, бұлшықеттер мен жұлынға жібереді. Олар зардап шеккен аймақты айналып өтіп, денемен қайта байланысатын сияқты. Енді ол қолдарын қозғалта алады, сонымен қатар түрту арқылы әртүрлі заттарды сезәне алады.

Кит Томас, науқас:

— Бұл операция мен үшін өте маңызды. Бұл менің тәуелсіздікке ұмтылысым. Дәрігерлер менің енді ешқашан қозғала алмайтынымды және қазір менімен болып жатқан жағдайдың сенгісіз екенін айтты. Мен бұл мүмкін болады деп ешқашан ойламадым. Енді мен оны қолданып көргеніме қуаныштымын. Осыған көмектескендердің барлығына алғыс айтамын.

Кит Томастың өмірі 2020 жылдың шілдесінде екіге бөлінген еді. Бассейнге сәтсіз секірген ол мойнын сындырып, содан бері төсек тартып жатыр. Кейт клиникалық сынақтар туралы интернеттен біліп, ғалымдармен өзі байланысқа шыққан.

Чад Боутон, клиникалық сынақтың жетекші авторы:

— Біз қазір бұл жаңа тәсілді төменгі аяқтарға қолдану үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған нейрондық байланыстарды қайта оятуы мүмкін. Сонда бұл технологияның мүмкіндіктері шексіз деп сеніммен айта аламыз. Ғалымдар смарт чиптердің арқасында жақын арада соқырлық, кереңдік, құрысу, церебральды сал ауруы сияқты ауруларды емдеуге болады деп есептейді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×