Now Reading
Астанада өзге өңірлерге қоныс аудару жәрмеңкесі өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада өзге өңірлерге қоныс аудару жәрмеңкесі өтеді

Астанада өзге өңірлерге қоныс аудару жәрмеңкесі өтеді

24 тамызда Астанадағы Қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі алаңында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында азаматтарға Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарына қоныс аудару бойынша кеңестер беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Шара «Жастар» сарайында сағат 14.30-17.00 аралығында өтеді.

 

Өңіраралық қоныстандыру жұмысшы күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесудің міндетті шартымен жүзеге асырылады. Өз еркімен қоныс аударатындарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

 

1) адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек көрсету;

 

2) қызметтік тұрғын үйлерді немесе жатақханалардағы бөлмелерді беру;

 

3) кәсіптік оқыту;

 

4) жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу және т.б.

 

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 25 тамызында Еңбек ұтқырлық орталығында (Мансап орталығы) сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қоныс аудару бойынша шағын жәрмеңке өтеді.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...