Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың саны артып келеді. 3 жыл ішінде Қазақстанда спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 25,3%-ға өсті. Егер 2020 жылы бұл көрсеткіш 38 352 болса, 2023 жылдың басына қарай бұл көрсеткіш 51 325 адамға өсті.
Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың көпшілігі Қостанай облысында – 5687 адам. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы (4997 адам) және Астана қаласы (4514 адам). Түркістан (4298 адам) және Жамбыл (4057 адам) облыстарында дене шынықтырумен айналысатын азаматтардың саны көп.
Айтпақшы ең қарқынды өсім елордада тіркелді: 3 жыл ішінде спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 3232 адамға артты. Екінші орында тағы да Шығыс Қазақстан облысы (+1585 адам), үшінші орында Қостанай облысы (+1295 адам). Жамбыл облысында өсім 668 адамды, Түркістан облысында 659 адамды құрады.