Now Reading
Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады

Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады

Астанада өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады. Олар 2 қыркүйек пен 29 қазан аралығында әр сенбі және жексенбі күндері өтеді.

 

Астанада бірінші болып Түркістан облысының диқандары өз өнімдерін ұсынбақ. Облыстан 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 556 тонна өнім әкелетін болады: ет (жылқы, қой, сиыр, құс еті) және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (қымыз және шұбатты қоса алғанда), асқабақ, бал, жеміс-жидек. шырындар мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдерін әкеледі. Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.

 

Айта кетейік, биыл ауылшаруашылық жәрмеңкесінің өтетін орны өзгерді. Ол «Барыс Арена» мұз сарайына қарама-қарсы аумақтан ҚазҰӨУ алдындағы алаңға (Тәуелсіздік даңғылы, 50) көшті.

 

Естеріңізге сала кетейік, елордада демалыс күндер жәрмеңкелері өткізіледі. Олар сенбі және жексенбі күндері өтеді. Жәрмеңкеге жақын маңдағы аудандардан азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер мен шаруа қожалықтары қатысады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...