Үш жасар бала Алматы облысындағы балабақшаның септикіне құлағаннан кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің (ПД) бастығы Бауыржан Аленов.
«13 қыркүйек күні сағат 13.08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшалардың бірінің аумағында ашық кәріз септикіне құлағаннан кейін үш жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті», — деді Аленов әлеуметтік желідегі парақшасында.
ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерделеу үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Мен тргеу барысын бақылауға алдым», — деп қосты Аленов.