Now Reading
Астанада емханаларға тіркелу науқаны басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада емханаларға тіркелу науқаны басталды

Астанада емханаларға тіркелу науқаны басталды

Елордада 15 қыркүйек күні қалалық емханаларға тіркелу бойынша жыл сайынғы акция басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады. Оның жұмысы туралы қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тұрғылықты аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.

«Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланған кезде аумақтық қағидатты да естен шығармаған жөн, яғни үйде медициналық көмек алу қажет болған жағдайда, дәрігерді немесе мобильді бригаданы шақыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек. Cебебі, науқас емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Мұны, әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар ескерулері тиіс. Оларға кеңестер және диагностикалық, үйдегі стационар мен әлеуметтік қызметтер көрсетіледі», — деп түсіндірді Айнұр Төлеуова.

Бекітілгеннен кейін науқас қызметтер пакетін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. 31 желтоқсанға дейін қызмет көрсету бұрын тіркелген емханада жалғасады.

Медициналық ұйымға бекіту негіздемелері:

— Бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге бір айдан астам мерзімге немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шыға отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерту.

— МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) еркін таңдауын жүзеге асыру.

— Қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын жүргізу.

— Сақтандырылған адам мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ЕМС шарты бойынша, оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді.

— Өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) МСАК ұйымына бекітумен келіспеу.

— МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, соның ішінде қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату.

— Медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау.

— Жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы.

— Жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×