Мемлекет басшысы ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды
«Біз уәде еткендей, Үкімет ең төменгі жалақы деңгейін кезең-кезеңімен арттыруды жалғастырады. Азаматтардың табысын арттыру мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осылайша, үш жылда біз ең төменгі жалақыны екі есеге арттырдық.
Бұл шара 1 миллион 800 мыңға жуық азаматтың, оның ішінде 350 мыңы бюджеттік қызметкерлердің әл-ауқатына оң әсер етеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды тез арада бекітуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.