Ironman жарысының бірнеше рет мәреге жеткендері, әлем чемпионаттарының қатысушылары, жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ерекше балаларға, бүгін ашылған «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарының финалистеріне жаттығулар өткізді. Осылайша, Айдын Рахымбаев, Алексей Сидоренко, Нұркен Халықберген және Нағима Керімбаева бар «темір адамдар» болашақ чемпиондарға қолдау көрсетті.
Астанадағы Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Ұлттық инклюзивті ойындар – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған еліміздегі тұңғыш және жалғыз ауқымды спорттық жарыстар салтанатты түрде ашылды. Бірегей турнирге еліміздің барлық аймақтарынан 10 мен 16 жас аралығындағы 400-ден астам жас спортшы қатысуда. Финалистер аймақтық турлардың қорытындысы бойынша 5000 үміткердің арасынан таңдалды. Балалар спорттың 7 түрінен: жеңіл атлетика, голбол, шағын футбол, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлері: «бес тас», «асық ату» және «тоғызқұмалақ» бойынша сынға түседі.
Ерекше балаларға арналған спартакиада елімізде 8 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал 2022 жылдан бастап спорттық шараның мәртебесі Ұлттық ойындарға дейін көтерілді. Аккредитация мен мәртебенің өзгеруінің арқасында финалистер халықаралық жарыстарға қатысып, спорттық разрядтарды ала алады. Сондай-ақ ойындардың нәтижелерін Ұлттық Паралимпиада комитеті назарға алатын болады.
«Әуесқойлар триатлонының шыңы Ironman қашықтығын аяқтау болып саналады: 3,8 шақырымдық жүзу, 180 шақырымдық веложарыс және 42,2 шақырымдық жүгіру. Бұл ең қиын сынақтан сүрінбей өткендерді «темір адамдар» деп атайды. Бүгін біз ерекше балаларды – физикалық даму ерекшеліктері бар, бірақ өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімін жоғалтпаған балаларға қолдау көрсету үшін келдік.Олардың белсенділігі тек әлеуметтік таптаурындармен шектелетініне тағы да көз жеткіздік. Темір адамдар үшін де, ерекше балалар үшін де мүмкін емес ештеңе жоқ»», — деп атап өтті Айдын Рахымбаев.
«Біз байқауға Алматыдан келдік. Қор әрқашан біздің ерекше балаларымыз туралы ойлайды, оларға қажет іс-шаралар ұйымдастырады. Балалар араласып, ой-өрісін кеңейтуі керек. Олар бір-бірімен танысып, Қазақстан қалаларын көреді. Орын алу алмаса да, бұл жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе болады», — деп бөлісті жеңіл атлетика категориясының қатысушысы Айлананың әжесі.
Айронмен командасы мен балалар ұжымдық дайындықтан бөлек, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ойындар 20-22 қыркүйек аралығында Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде және №10 гимназияда өткізіледі.
Жобаның негізгі ұйымдастырушысы және бастамашысы BI Group құрылыс компаниясы.