Елордадағы «Тарлан» мұз айдынында қазанның 6-сы мен 11-і аралығында B-Pool бойынша Астана-2023 әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа Қазақстан, Словакия, Швеция, Жапония, Финляндия және Ұлыбритания командалары қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік шанадағы хоккейден ұлттық құрама өткен жылғы әлем чемпионатында «С» тобында күміс медаль жеңіп алып, «В» тобына өткен болатын.
«Біз B-Pool жарысына бірінші рет қатысып отырмыз. Астана құрамасының хоккейшілері мұндай мүмкіндікке өткен маусымда Таиландта өткен C-Pool әлем чемпионатында екінші орын алған соң ие болды. Жалпы біз Қазақстанда парахоккейді дамыту бағдарламасын бес жыл бұрын ғана бастаған едік.
Содан бері ол жергілікті демеушілер мен ұйымдардың назарын аударып, ұлттық құраманың қалыптасуына атсалысты. Пара хоккейден B-Pool әлем чемпионаты тоғызыншы рет Азияда үшінші рет өтіп жатқанын айта кетейік», — деді команда мүшесі Қайрат Сабиров.