Now Reading
Қазақстанда Инклюзия кеңесі құрылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда Инклюзия кеңесі құрылады

Қазақстанда Инклюзия кеңесі құрылады

Қазақстанда Сенат жанынан Инклюзия кеңесі құрылады. Оның қатысушылары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы және кедергісіз орта құру туралы заң әзірлемек. Бұл туралы жоғарғы палата спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. 

Инклюзия саласындағы өзекті мәселелерге арналған жиында сөйлеген сөзінде ол ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін ашуда көмек қажет екенін атап өтті. Азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру мәселелері бірінші орынға қойылуы тиіс. Сенат төрағасының айтуынша, елде жеке құрылым пайда болуы мүмкін. Оның қызметі мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге бағытталатын болады. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: 

— Біз дайындап, қабылдаған белгілі бір шешімдер бар. Біз әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға белсенді қатысамыз және мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге көмектесетін түрлі федерациялардың қызметін ынталандырамыз. Соңғы бірнеше жылда бірқатар заңнамалық түзетулер енгізілді. Бұл Сенат айналысатын жүйелі жұмыс. Бірақ қазір біз оны келесі деңгейге көтеруіміз керек деп санаймыз. 

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

— Қоғам, депутаттық корпус және мемлекеттік органдар арасында сындарлы диалог болды. Бүгінде министрлікте мәселені қарастыру тұрғысын толығымен өзгерту туралы идеялар бар. Тиісінше, мұның барлығы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...