Ақтөбе облысының Байғанин ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындарға арналған үйлер салынып жатыр.
Қарауылкелді ауылында екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 193 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда ауданда баспана кезегінде 272 адам тұр. Бұл көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар. Тағы 2 отбасы апатты үйлерде тұрып жатыр.
Болатбек Қонаров, Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы:
— Тексеру қорытындысы бойынша бұл 2 үй өмір үшін қауіпті деп танылды. Тұрғын үйге мұқтаж отбасылар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне есепке алынды. Оларға алдағы уақытта пәтер беріледі.