Астана тұрғыны Қостанай қалалық сотына облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, Жітіқара аудандық ауруханасынан және Қостанай облыстық ауруханасынан материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы талап арызбен жүгінген.
Сотта анықталғандай, талапкер сегіз айлық баласының сырқатына байланысты аудандық ауруханаға жүгінген. Одан кейін баланы облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Емдеу аясында диагноз дер кезінде жасалмаған, бұл баланың денсаулығына ауыр зардаптар әкеліп, нәтижесінде мүгедектік алғаны анықталған.
«Жүргізілген ем мен баланың қолайсыз салдары арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау мақсатында сот қажетті сот-медициналық сараптама тағайындады, оның қорытындысы бойынша себеп-салдарлық байланыс анықталмады, баланың бойында анықталған ауру әлі асқынуда, салдары қайтымсыз зардаптарға әкелетін патогендік процестің дамуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар мамандардың қорытындысын ескере отырып, жүктілік кезінде баланың анасын бақылаған медициналық мекеменің, Жітіқара аудандық ауруханасының кінәсі анықталды», — деді сот.
Сот талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырып, Жітіқара аудандық ауруханасы жәбірленушілерге он миллион теңге көлемінде шығынды өтеуге міндетті деп шешті.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.