Now Reading
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан ақмолалық жастар грант ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан ақмолалық жастар грант ала алады

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан ақмолалық жастар грант ала алады

Ақмола облысында «Zhas Project» гранттық жобасы іске қосылды. Биыл бұл жоба еліміздің 20 өңірінде іске қосылды.

Zhas Project әлеуметтік осал жастардың бастамаларын қолдауға және оларды әлеуметтік-экономикалық өмірге тартуға, жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, жастардың кәсіпкерлік идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге бағытталған.

– «Zhas Project» бағдарламасының негізгі мақсаттары – жастардың, әсіресе осал топтағы жастардың дамуына жағдай жасау, жастардың идеялары мен практикалық қызығушылықтары мен жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы бар жобаларын қолдау, қатысушыларды жаңа жобаларға оқыту, әлеуметтік кәсіпкерлік және кәсіби өсу бойынша білім мен дағдылар қалыптастыру», — деп бөлісті Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев.

Ақмола және Павлодар облыстары бойынша жоба жетекшісі Арина Краскованың айтуынша, өтініш беруші 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы болуы, облыста тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы және уақытша жұмыссыз жастар мәртебесінде болуы тиіс.

Биыл жоба еліміздің 20 өңірінде іске қосылды, өтінімдер 9-22 қазан аралығында қабылданады. Байқау аясында әрбір жоба бойынша 1 миллион теңгеге дейінгі шағын грантқа ие болатын 28 жеңімпаз анықталады. Ақмола облысына 14 грант бөлінген.

Zhas Project-тің Ақмола және Павлодар облыстары бойынша менеджері Эрик Беккердің айтуынша, жоба 2024 жылдың соңына дейін жалғасады. Келесі жылы тағы да осындай байқау жарияланады. Барлық жоба аяқталғаннан кейін қорытынды форум өткізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...