Now Reading
Skills Enbek «Күміс жас» жобасы аясында: 2 мың адам оқудан өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Skills Enbek «Күміс жас» жобасы аясында: 2 мың адам оқудан өтті

Skills Enbek «Күміс жас» жобасы аясында: 2 мың адам оқудан өтті

«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар Skills Enbek платформасында болашақта жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды тегін меңгере алады. Арнайы бөлім бір ай бұрын құрылып, осы уақыт ішінде оған 2,9 мыңнан астам жоба қатысушысы тіркеліп, олардың 2,1 мыңы оқудан өтіп, сертификат алды.

 

Осы санаттағы азаматтардың арасында ең танымалы — мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісі болғысы келетіндерге немесе мүгедектігі бар немесе созылмалы ауруы бар отбасы мүшесіне көмектескісі келетіндерге арналған кәсіби курстар.

 

Сондай-ақ, жобаға қатысушылар бройлер өсіру, жылыжайларда лимон, ара шаруашылығы және т. б. өсіруге байланысты курстарда оқуды жөн көреді.

 

Skills Enbek платформасындағы «Күміс жас» қойындысында ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім, әлеуметтік қызметтер, маркетинг және туризм сияқты салалар бойынша 120-дан астам курстар бар.

 

Пайдаланушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі, ол Enbek.kz жұмыспен қамту порталында олардың түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде жұмыс беруші өтініш берушінің түйіндемесінде қолда бар сертификаттар мен алған дағдыларын көреді.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...